15 ақпан - күнтізбедегі ерекше күн. 1989 жылы Кеңес әскерлері Ауғанстан аумағынан шығарылды. Осыған орай, Қазақстанда бұл күн интернационалист жауынгерлерді еске алу күні болып жарияланды. Біздің мектептің оқушылары аудандық орталық кітапханада соғысқа қатысқан батырлармен кездесіп, олардың аузынан соғыс туралы шынайы естеліктерді естуге мүмкіндік алды. "Ерліктің аты – Ауғанстан" кездесу кешіне 80 – ші жылдары әскерге шақырылған сарбаздар, Ауған соғысына қатысқан азаматтар : Ташев Жұмабек Жанбатырұлы және Рудь Алексей Николаевич шақырылды. Қарапайым мінезді және көп сөзге құмарлығы жоқ ауған жауынгерлері өздері туралы айтып, балалардың сұрақтарына жауап берді. Іс – шара барысында диалогтың ең белсенді қатысушысы Владислав Чижаковскийге іс-шара қонағы Жұмабек Жанбатырұлы «Ауғанстан» тақырыптық логотипі бар брелок сыйлады.