Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу
21.02.2023 ж. "Тайынша қаласы №3 орта мектебі" КММ - де оқушылар, ата-аналар және педагогикалық ұжымның қатысуымен Тайынша ауданы полиция бөлімінің бірінші орынбасары А. К. Аманбаевпен кездесу өтті. Ол «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу», «Буллинг және оның салдары» тақырыбында әңгімелесу жүргізді. Бұл шараның мақсаты - оқушыларға құқық бұзушылықтар мен қорлаудың әртүрлі жазалау шаралары бар екенін жеткізу, мұғалімдерге мектепте буллинг және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ұсыныстар беру болды. Ата-аналарға тәрбие мен бақылау ең алдымен отбасынан басталатыны еске салынды.