30.01.2023 ж. Тайынша қаласының №3 орта мектебінде апта сайынғы ресми жиында мектептің әлеуметтік педагогы Т.В. Лисневская сөз сөйлеп, оқушыларды құқық бұзушылықтан алдын алу жөніндегі кеңестің ережесімен, жұмыс жоспарымен, мектепішілік бақылауға қою ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар, Полиция капитаны К. Т. Шарипов қатысып, оқушыларға мектептегі және мектептен тыс уақыттағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік жөнінде , ата-ананың қарауынсыз оқушылар сағат 22:00-ден кейін көшеде жүру қатаң құқық бұзушылық екенін баяндады.