Балада жалғыздық сезімі өзінің ерекшелігін, даралығын білгенде туындайды. Бұл қалыпты жағдай. Алайда жалғыздық қарым-қатынастың, сүйіспеншілік пен жылулықтың, әлемге деген қызығушылықтың, адамдармен байланыстың жоғалуына әкелуі мүмкін. Мұндай жасөспірімдер бұл әлемде ешкімге сенім арта алмайды, қарым-қатынас жетіспеушілігі байқалады немесе құрдастарының қарым-қатынасына көңілдері толмайды . Сонымен қатар, олар өз ішкі әлемдерінде тұйықталады және бір мезетте қарым-қатынас қажеттілігін сезініп, одан аулақ бола алады және қызығушылықтарына сай дос табуға қадам жасамайды.
Бұл мәселені психолог Трофимова Т.Н және 10 сынып оқушылары шешуге тырысты.