Белгіленген уақытта мектепте үш қоңырау және дауыстық ескерту берілді. Бірнеше минут ішінде мектеп педагогтерінің бақылауымен барлық оқушылар спорт залында сапқа тұрды. ТЖ департаменті мектеп оқушыларымен әңгімелесіп, эвакуация кезіндегі іс-әрекет принципін түсіндірді.
Оқушылар Азаматтық қорғаныс – бұл Қазақстан Республикасының аумағындағы халықты, материалдық және мәдени құндылықтарды әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан туындайтын қауіптерден, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қорғауға дайындық және қорғау жөніндегі іс-шаралар жүйесі екенін білді.